Ауылдық денсаулық саласын модернизациялау бойынша жұмыстар қалай қолға алынуда? Осының негізінде ауданның алыс ауылдарында ұлттық жобаның нәтижесі қалай болуда? Міне, осы мақсатты жұмыстардың барысы қалай жүргізілуде екенін назарға алып облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сагидуллина Күршім ауданына арнайы іс сапармен келіп, бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады.

Бірінші кезекте Қалжыр ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияда болды. Дәрігерлік амбулатория «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып, ағымдағы жылдың ақпан айында пайдалануға берілген болатын. Қалжыр ауылдық округі аудан орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан, округте 1374 адам тұрады. Сонымен қатар жақын елді мекендердің Жаңаауыл, Тақыр, Қазақстан ауылдары тұрғындарын қабылдай алады. Амбулаторияда педиатрия, терапевтңк, процедура, акушерлік кабинеттері жұмыс істейді. Денсаулық сақтау мамандарымен жүздескен тұрғындар жаңадан пайдалануға берілген дәрігерлік амбулатория ұжымының қызметіне риза екендіктерін айтып, медициналық көмекті ойдағыдай алып жатқандықтарын жеткізді.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысы бастаған топ Марқакөл ауылдық ауруханасында болып, аурудың алдын алу, ауыл тұрғындарын серпінді бақылау арқылы кеңінен қамту бөлігінде жқмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Аудандық аурухананы да аралау барысында тұрғындармен тілдесіп, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы туралы да пікірін білдірді. Аудандқ аурухана жыл сайын қарқынды дамып келеді. 2022 жылы перзентхана бөлімі толықтай күрделі жөндеуден өтсе, соматика, операция бөлімдеріне ағымдық жөндеу жүргізілген. 2022 жылы аудандық аурухана гинеколог-акушер, тіс дәрігері, жалпы тәжірибе дәрігері, яғни, 12 жас маманмен толықса, ауылға тағы жалпы тәжірибе дәрігері және педиатр дәрігері келеді деп күтілуде.

Аудан бойынша «ауыл дың денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасы аясында Жолнұсқау, Маралды, Аманат, Ұрынхай, Ақжайлау ауылдарында медициналық пункт салынады деп жоспарлануда.

{gallery}55/3{/gallery}