Күршім аудандық орталық ауруханасында перзентхана бөлімі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Енді перзентхана бөлімі бұрынғы соматика орналасқан ғимараттан орын тепті. Перзентхана бөліміне күрделі жөндеу 2019 жылдан бері  жоспарға қойылып келген. Алты ай бойы перзентхана хирургия бөлімінің ғимаратына уақытша орналастырылды. Бір ғимаратта екі бөлім біріктіріліп тұрды.

Қуанышты сәтті тамашалауға барғанымыздатперзентхана заманауи талапқа сай күрделі жөндеуден өткен. Жарық те еңселі. 8 төсек орналасқан, оның 5-уі босанған әйелдерге арналса, үшеуі патологиясы бар әйелдерге тиесілі екен.

Перзентхана бөлімінің меңгеруші Замира Маулетханқызының айтуынша, 2021 жылы - 392, 2022 жылы 332 бала дүниеге келген. Биылғы жылдың 13 қаңтарына дейін 9 бала дүние есігін ашқан. 2022 жылы аудандық перзентхана бөлімі 96 баланы босандырса, оның 17-не кесерь тілігі жасалған. Қазіргі уақытта шала туғандар тәжірибеде жиі кездеседі. Шала туған 27 апталық  800 грамм салмақтағы сәби қыркүйек айында аудандық перзентхана дәрігерлерінің көмегімен дүниеге келіп, 4 күннен кейін Өскемен қаласындағы «Ана мен бала» орталығына тікұшақпен аман-есен жеткізілген. Бүгінде баланың денсаулығы қалыпты дейді мамандар.  Осындай жағдай биылғы қаңтар айында да қайталанған. 34 апталық жүкті келіншек 2 кг баланы білікті перзентхана бөлімі қызметкерлерінің күшімен босанған. Бала мен ананың жағдайы қанағаттанарлық  болған соң ғана Өскемен қаласына жіберілген. Шала туған нәрестелер «Ана мен бала» орталығындағы СРАР аппаратына жатқызылады.

  • Бүгінде перзентхана бөлімінде үш гинеколог, екі неотолог, төрт акушер, бес медбике, бес қамту қызметкері еңбек етеді. 13 қаңтарға дейін 188 әйел жүктілікпен есепке тұр. Бәрінің денсаулығы, жүктілік кезеңде қалыпты өтуде, бақыламызда. Жүкті әйелдер арасында қан аздық, созылмалы бүйрек аурулары жиі кездессе, патологияға бронхит, бүйрек, қан қысымының жоғарылығы  және анемиямен ем қабылдайды. Осы перзентхана бөлімінде 6 жыл еңбек етіп келемін. Осы жылдарда босану жағдайында түрлі қиындықтар орын алды. Кей уақыттарда шұғыл операция жасайтын кездер де туындады. Осы мқиын мезетте аудандық аурухананың білікті хирургы З.Шапатов әрдайым қол ұшын соза білді. Әсіресе, кесерь тілігі, қан кету, жатырды алу сынды кез келген оперцияларды қолдау танып, ақыл-кеңесімен бөлісіп отырды,- дейді гинеколог Замира Мырзабекова.

Сондай бөлім толықтай қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 2022 жылы нәресте мониторы, ИВЛ аппарат, ашық нәресте реанимация аппараты, фото лампа, инфузомат, трансформер төсек сынды құралдар сатып алынған.

Перзентхана бөлімі қызметкерлері барлық жағдайды жасауға қолдау танытқан аурухана басшылығына ризашылықтарын білдіруде. Бөлімде тәжірибелі мамандар топтасқан. Олардың басты қағидасы Бөлімнің жаңаша сипаты ауыл медицинасының, ана мен бала денсаулығының әрдайым назарда екенін нақтылай түскендей.

{gallery}55/5{/gallery}