Күршім аудандық ауруханасында соңғы жылдары заманауи құрылғымен жабдықталған бірнеше кабинет ашылды. Өткен жылы  қажетті медициналық аппараттардың бірқатары алынса, биыл алынатын жаңа жабдықтар саны тағы да арта түспек. Денсаулық сақтау мекемесі көз алдымызда жыл өткен сайын жаңарып, қызметі жақсарып келеді.Аурухананың заман талабына сай болуы, өсіп-өркендеуі, әрине мемлекеттің медицина саласына жасаған қолдауының нәтижесі екені мәлім. Сондай-ақ аудан әкімі Алмат Ақышов аудандық аурухананың жалпы жағдайын  назарда ұстап,қолдау көрсетіп отыр.

Қазіргі таңда  аудандық  аурухананың құрамында 8 емдеу амбулаториясы , 2 фельдшерлік –акушерлік  пункт және 30 медициналық пункт бар, 54 дәрігер және 234 медбике еңбек етеді. 2022 жылы медициналық мекемелер бес дәрігермен 15 орта медициналық қызметкерлермен толықты. Іскер басшы, бас дәрігер Ләйлім Шоқаеваның ұйымдастыруымен дәрігерлер білімін жетілдіру  үшін  шетелге барып білім алып келуде.Солардың бірі өткен жылы анестезиолог-реаниматолог  Қуандық Темірғалиев Латвия Республикасына барып, білімін жетілдіріп келді.

- Халқымыз ежелден жан мен тәннің саулығын айрықша орынға қойып, басты назарға алған. «Бірінші байлық –денсаулық» - еліміздің белсенді дамуына, экономикасына, әсіресе әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз.Тың бастамалар негізінде  облыстық  денсаулық сақтау басқармасы жаңашыл әдістер мен озық технологияларды  аудандарда дамытуды  қолға  алып келеді.Себебі халық саулығы  қала  мен  дала, аудан  мен  ауыл болып  бөлінбейді. Белгілі бір істе жетістікке жету сала жұмысына дұрыс бағыт беріп, басқара білетін басшыға тікелей байланысты. Осы жөнінен алғанда бас дәрігер Ләйлім Алтынғазықызының еңбегі ерекше. Жетілдірген  білімім  арқылы науқас жандардың дертінен айығып қатарға қосылуы үшін барынша күш саламын ,-дейді анестезиолог-реаниматолог Қуандық Қазезбекұлы.

Ауданда 2021 жылы 392 бала дүниеге келсе, 2022жылы 332 бала дүние есігін ашты. 2021 жылы перзентхана бөліміне 252 млн.теңгенің құрал - жабдығы сатып алынса, 2022 жылы 118 млн теңгенің  рентген аппараты сатып алынды.

2022 жылы атқарылған  жұмыстарға  тоқталатын болсақ:

-Перзентхана ,соматика , операция  бөлімдеріне  күрделі  жөндеу жүргізіліп, 281514897,78 теңге қаражат қарастырылды.

-Теректібұлақ  ауылындағы медициналық  пункте  14,018789,4 теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.

-Марқакөл  ауылындағы  емдеу амбулаториясының  күрделі  жөндеу жұмыстарына қажетті сметалық - жоба құжаттарын қарастыруға 996,0 мың теңге бөлінді.

2022 жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы  аясында  Қалжыр ауылындағы күндізгі стационар құрылысына 229,6 млн теңге бөлінді.

«Ауылдық  денсаулық  саласын  модернизациялау  «пилоттық жобасы шеңберінде 2023 жылы бес медициналық  пункте құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Жөндеу жұмыстары  Аманат, Жолнұсқау, Маралды ,Ақжайлау , Ұрынхай ауылдарында жоспарланған.

- Аурухана  білікті мамандар  2022 жылы  Латвия  еліндегі  Рига қаласында «Колоноскопия»  жасалған  кездегі « Анестезия»  тақырыбына  біліктілігін жетілдіріп келген өзіміздің  анестезиолог-реаниматолог дәрігер Темірғалиев Қуандықпен  бірге  дәрігер хирург  Шапатабек Зада Бөкейханұлы, Жуматов Бекмұрат Альмурадұлы қатысып , колоноскопия  әдісімен ас қорыту жүйесінің дәлірек  айтсақ,тік ішек қатерлі ісігін анықтау тәсілін жасады. Адам ауруды көбінесе өзі тауып алады.Өзінің сүрген өмір салтымен  яғни дұрыс тамақтанбау, қозғалыстың болмауы, семіздік, стресс, депрессияға түсу.

Сондықтан әрбір тұрғын уақытылы скринингтік тексерілулерден өтіп, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек, -дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Ләйлім Шоқаева.

{gallery}55/6{/gallery}