«Күршім ауданының аудандық ауруханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

27 қырқүйек 2023 жылы  «Күршім ауданының аудандық ауруханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында заңгер Жұрағатова Н.К.  бөлімше қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбына әңгіме өткізді.

Кәсіпорында өткізілген осы отырыста заңгер  отырысқа қатысқандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы бойынша таныстырып, соның ішінде, пара алу және пара беру; сыбайлас жемқорлық бағытындағы және коммерциялық параға сатып алудың ықтимал жағдайлары, сондай-ақ мінез-құлық қағидалары бойынша ұсынымдарға тоқталды. Сонымен қатар,сыбайлас жемқорлық сипатындағы жағдай кезіндегі қызметкерлердің іс-қимыл алгоритміне, кәсіпорында осы бағытта қабылданған ішкі құжаттармен таныстырды.