26.06.2024 жылы «Күршім ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің аға офицері Г.Бекбаева кәсіпорын қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы бойынша, аталған заңнамаға қосымша енгізілуі мүмкін туралы жобалармен таныстырды.
Сыбайлас жемқорлықпен қылмыстық жауапқа тартылғандар тізімі туралы, тұрмыстық жағдайда орын алатын сыбайлас жемқорлықтар туралы, ол үшін әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік мәселелеріне терең тоқталып, сыбайлас жемқорлық туралы хабардар еткендерді марапаттау туралы жайларға түсіндірме берді.